Отандық дизайнерлердің жаңа киім үлгісі көпшілікті таңғалдырды
Отандық дизайнерлердің жаңа киім үлгісі көпшілікті таңғалдырды
Қыстыгүні «не кием» деп шарқ ұрған сылқым бикештерге отандық дизайнерлер жаңа киім үлгілерін тігіп те үлгерді. Көздің жауын алар көйлектер, әлі ешкімде жоқ тон-ішіктер — тек бір данадан ғана жасалған ең сәнді бұйымдар Алматыда өткен сән апталығында көрсетілуде. Әлі ешкімнің қолы тимеген таңдаулы трендтерді біздің тілшілер бірінші болып киіп көрді.
Автор: Аруна Ортай
11.04.2014
Дүкендерде таптырмайтын небір киімдер бар мұнда. Жарты жылда бір келетін сән апталығына атақты дизайнерлер де бір-бірінен қалыспай үлде мен бүлдеге орана келген. Мәселен, жылда жұртты таңқалдыруға құмар атақты фэшн-продюсер Сәкен Жақсыбаев бұл жолы жатар кезде киетін жейдесін киіп, көпшіліктің назарын еріксіз аудартты.
Көздің жауын алар көйлектер, жалтыраған әшекейлер, жиналған жұртты тек бір сұрақ қана мазалаған. Биыл қыста не сәнді?
Александр Волков, дизайнер:
-Неғұрлым креативті болса, сол сәнді. Адамдар балапандар сияқты бір-біріне ұқсамауы керек.
Дизайнерлердің бірі – шұрық тесік пальто киюді ұсынса, енді бірі кілең тоқылған киімдер жөн дейді. Мәселен, Мәдина биыл қыз-келіншектерге тоқыма көйлек кигізбекші.
Мәдина Нарбаева, дизайнер :
-Негізі тойға деген ыстық болатын сияқты, бұны бір коктейльге, вечерикаға салқын күні киген дұрыс болады деп ойлаймын.
Небәрі 20 жастағы дизайнердің бұл сән апталығына бірінші қатысуы екен. Сән десе, ішкен асын жерге қойған ол, тренд ретінде тек жасыл мен ақ түстерді таңдаған.
-Қақаған қыста да қыздарымыз сұлу болсын деп дизайнерлеріміз мінекей мынадай ұзын, қара түсті көйлек киюді ұсынады. 100 пайыз мақтадан тігілген. Той-томалаққа, кездесуге жаураймын деп еш қорықпастан киіп баруға болады. Жарасып тұр, солай емес пе?
Ал қара көйлекті спорттық аяқ киіммен үлестірген абзал. Дизайнерлер қиял-ғажайып жанрдағы кино кейіпкерлеріне де еліктеп киім шығарған. Голливудтық стильдегі маскалармен қатар, гүлді бас киімдер де биыл көш бастап тұр. Мұндай айрықша аксессуарларды отандық дизайнер Аида Қауменова ұсынған. Айта кетсек, биылғы апталыққа Ресей, Украина, Грузия, тіпті алыстағы Ұлыбританиядан сән саласының майталмандары қатысуда.
Биылғы жаздың ЕҢ СӘНДІ киімдері
Жазда қандай түстер трендте болады? Нені киіп, қандай киімге жоламағаныңыз дұрыс?
фото: ашық дереккөзден
Жаздың ең үздік сәндік топтамасынан хабарыңыз бар ма? Кіріп келеген жаз маусымың сән әлемінде сіз бен бізге деген тосынсыйы аз емес. Денеге қонымды көйлектер мен жүріп-тұруға ыңғайланған костюм-шалбарлар, тіпті, баратын орныңыздың маңыздылығына байланысты да киімдер топтамасы назарыңызда болады. Қарап, бағамдап, бағасын беріңіз. Жаңарған қоғамда, дамыған заманда өз стиліңіз бен образыңызды өзгертуден қорықпаңыз. Жаңа әлем, сізге тың жаңалықтармен қуантары сөзсіз.
Жаздың жаңалығы – мейлінше жабық көйлектер
Отырған орыныңыз бен барар жеріңіздің кереметіне кенелгіңіз келсе, ашық түстегі көйлектерді көзден таса қылмаңыз. Ұзындағында шек болмайтын бұл трендтегі көйлектердің көбіне жеңі ұзын және кеуде тұсы жабықтау келеді.
Жаздық нымша мен пиджак
Жеңіл пиджактар жазда үлкен рөл атқарады. Кешкі салқындықты сездірмейді, сондай-ақ, сәнді көрсетеді. Ең бастысы, ақшыл түсті тонға түрлі-түсті өрнектермен безендірілсе сәнді көрінеді. Ал, нымшаның жарқырап тұратын ашық түстерін «қалайды» биылғы жаз.
Жеңіл жейделер — басты назарда
Кез келген белдемше мен қысқа шалбарлар, сондай-ақ, джинсы шалбарлардың сәнін кіргізетін жеңіл жейделер. Жиектері торлы өрнектермен безендірілген ашық иықты жейделер — сәннің көш басында. Әсіресе, ашық түстілері көптің көңілінен шығары даусыз.
Бұл киімнің үлгісі жылдың қай маусымында болмасын сәннен қалған емес. Тек, дене бітіміңізге лайықтысын таңдағаныңыз дұрыс. Сонымен бірге, басқа да бұйымдарыңызбен сәйкестендіре кисеңіз жөн болғаны. Жаздық джинсыларды жеңсіз жейделермен кию — биылғының тренді. Оған қоса үлкен, ауқымды жазулармен безендірілген ақ түсті футболкалар сәніңізді аша түседі.
Белдемшенің қандай түрі трендте?
Биылғы жаздың тартымдылығы — плиссе стиліндегі торланған белдемшелер. Оның жоғарғы жағы белдің тұсынан келсе, ұзындығы тізеден едәуір түсіп тұрғаны дұрыс.Оның үстінен мойыны ашық жейделер қонымды болады. Ал, аяғыңызға биік тақалы аяқкиім болса, соған сәйкес қолыңызға кіші көлемдегі сөмкені ұстап алыңыз.
«МАСТ ХЭВ» стиліндегі шолақ шалбарлар
Аталмыш стиль кез-келген жаздың сәнінде кездеседі. Өте ыңғайлы, әрі әдемі. Әсіресе бір түсті костюммен үйлестіре білсеңіз тіпті керемет. Образдың бұл түрімен серуендеуге және өзара достармен басқосуларға да киіп барсаңыз болады.
Етегі ұзын көйлектер
2019 жылдың тренді саналатын ұзын көйлектер кез-келген нәзік жандыны, одан сайын сұлуландыра түсетіні анық. Етек-жеңі ұзын болғанымен, тізеден жоғарысына дейін арнайы жырығы болуы маңызды. Жиегі жалпақтау келетін жаздық бас киіммен тамаша үйлесім табады.
Шомылу науқанына таптырмайтын образ
Биылғы жылы сәнгерлер шомылуға арналған киімдерге емес, сыртқы жаулығына аса мән берген жөн деп санайды. Жеңі ұзын, етегі тобыққа дейін түсетін жапқыштар трендте. Ал, шомылуға арналған киімдердің түстері — сары және ал қызыл болып келді. Сондай-ақ ешқашан сәннің төрін бермейтін ақ және қара түстерді таңдасаңыз да қателеспейсіз.
Жаздық классика
Көбіне офиске арналған киімнің бүл үлгісі өткен жылы да сәнде болған. Түсін таңдарда қателеспеңіз! Білікті сәнгерлер ашық көк пен ашық жасыл түсті классикалық киімдерді киюді жөн санамайды.
Сәннен қалмаймын десеңіз, биылғы жылы гардеробыңызды шілтерлі киімдер мен торлы жейделерге толықтырып қойыңыз. Сондай-ақ, толқынды бұршақ көйлектер мен жолақты маталардан жасалған бұйымдарды кисеңіз де керемет болады.
Сәнді аксессуарлар мен сөмке, көзілдіріктеріңізді де жаңартып алыңыз.
Адам көркі-шүберек екенін ескере келе, айтылған кеңеске құлақ түрсеңіз, ортаңыздың сәнбикесіне айналарыңыз сөзсіз. Айта кететін маңызды ақпарат, 2019 жылдың жаз маусымында күлгін, алқызыл, жасыл және лимон тәрізді түстер сәнде.
Дайындаған: Г.Әмірәлі
ERNUR.KZ
Тағы оқыңыз:
Ақ түсті АЯҚКИІМДІ жұмыртқаның АҚУЫЗЫ жақсы тазартады
1950 жылдағы СӘН биыл ТРЕНДКЕ айналды
Жазғы-жазғы 2018 г сәнді көйлектер (фото)
Бұл киім киімнің ең әйелдік элементі болып табылатындығына дау айту мүмкін емес. Көйлектерді киюге, әр әйелге сурет салуға, мейрамханаға, серуенге, партияға немесе романтикалық күнге қарамастан, оның бейнесін керемет тартымдылық пен сексуалдылік береді. Көптен күткен көктемнің басталуымен әрбір әйел сөзсіз көктемгі ноталармен оның шкафын «жаңартуға» тура келетінін ойлайды. Сұрақ туындайды: «Сәнді көктем-жаз маусымында 2018 қандай көйлектер маңызды
Ақ көйлектер …
Биылғы жылы ақ көйлек күндізгі уақытта да, түнгі өмір үшін сәнді киім болады. Прованс шнурымен безендірілген мақтан жасалған жеңіл, ақшыл ақ көйлектер — сән сәндерінің басты сәттерінің бірі. Кішкентай стильді және экстравагант емес киім киюге болады, ескі іш киім немесе петтикот еске түсіреді. Тағы біреуі 2018 жылдың көктемгі тренді болады көйлек көйлек (әсіресе ақ) — минимализм стиліндегі қысқа әйелдік нұсқасы. Көйлектердің көйлектерін орауыш кимонос сияқты болуы немесе түймелерді жабуы мүмкін.
Шифон көйлектері
Шифон көйлектері — әйелдер үшін жазғы практиканың ең қолайлы және ыңғайлы нұсқаларының бірі. Мегаполитте болғандай, ыстықтан таусылып, экзотикалық жағажай шифон киімдерінде өте сәнді және стильді болады. Жарқын және көңілді түстер — сары, қызғылт-сары, көк, ашық-жасыл, қызыл немесе фуксия сізді әрқашан қаптайдан ерекшелендіреді. Сонымен қатар, жарқын түстермен қатар бейтарап көлеңкелердің шифон көйлектері (лаванда, ұнтақ түстері, жұмсақ қызғылт, бежевый, ақ, сұр және жұмсақ көгілдір) орынды болады.
Жібек көктемде және жазда шифонның популярлық танымалдығы төмен емес, сонымен қатар жарқын және бай түстерге арналған сәнді үрдістерді ескере отырып, жібек көйлектері өте танымал болады. Күлгін жібек немесе атлас, жарқын баспалар — стильді әйел көйлегінің тиімді нұсқасы.
Тоқылған көйлектер
Кілем тоқылған трикотаж, ашық тоқылған тоқыма тоқыма трикотажы көктем-жаз мезгілінде әйелдер шеберлігін ерекше атап өтеді.
Мини көйлектер
Мини көйлектер әсіресе ыстық кезеңде көптеген жылдар бойы сән-салтанатта қалады. Экзотикалық жануарлардың (бауырымен жорғалаушылардың) түсіне еліктіретін әртүрлі толқындар, толқындар немесе баспалармен безендірілген киім-кешектер сексуалдық және романтикалық көрінеді. Жазғы серуенге арналған шағын киімнің сәнді нұсқасы — тар шалбарда киілетін тонникалық көйлекті, сондай-ақ жарқыраған және жылтылдаған жаз түстеріндегі қысқа сарғыштар.
Сәнді 2018 жыл болғыңыз келсе — стильді көйлектерді киіңіз!
Стилистер жаңажылдық корпоративке киім таңдауда жиі кездесетін 15 қателікті атап берді
Жаңа жыл алдында аруларды әуре-сарсаңға салатын қарбаластың бірі – корпоратив кешіне көйлек таңдау. Осы орайда стилист мамандар мерекелік кешке киіну бойынша 15 өрескел қателіктен сақ болуды ескертеді деп хабарлайды AdMe.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
1. Ұзындығы жерге түсетін салтанатты көйлек
Егер сол кеште қызыл кілеммен жүріп өтетін жұлдыз болмасаңыз, тым ұзын әрі салтанатты көйлек таңдамай-ақ қойғаныңыз жөн. Себебі, әріптестермен бас қосатын жиын бағдарламасында көп қимылды талап ететін жарыстар мен қызықты ойындар ұйымдастырылуы мүмкін. Мұндай ортаға ұзын көйлек кию – ыңғайсыз, әрі орынсыз саналады. Оның орнына қысқа немесе орташа ұзындықта небір әдемі көйлектер табуға болады.
2. Бірыңғай қара түсті көйлек
Тіпті, әріптестеріңіз сән әлемінен мүлде хабарсыз болса да, корпоративке бірыңғай қара түсті киім киюден аулақ болыңыз. Кез-келген басқа түстерді де бірыңғай етіп кию – мерекелік кешке жарамайды. Мұндай көлекті ашық түсті әшекей бұйымдар әдемілей түседі.
3. Сапасы төмен мата
Арзан, жылтырақ мата кімді де болсын әдемі етіп көрсетпейтіні анық. Егер жаңа жыл кешінде жарқырап көрінгіңіз келсе, бағалы көрінетін «қыстық барқыт» маталарды таңдаңыз.
4. Денеге тым қатты жабысып қалған көйлек
Денеге қатты жабысып тұратын көйлек сіздің әдемі мүсініңізді ғана емес, тамақ ішіп алғаннан кейін шығатын «артық жерлеріңізді» де ашық көрсетіп тұрады. Егер мерекеде сымбатыңызбен ғана көзге түскіңіз келсе, қаттырақ матадан тігілген көйлекті таңдаңыз.
5. Оюлы колготки
Егер оюы, суреті бар колготки кигіңіз келсе, ол қалауыңызды басқа уақытқа шегере тұрыңыз. Ол әсіресе, суретке түскенде өте арзан көрініп қалады. Оның орнына мезгілге сай бір түсті колготки таңдасаңыз, әдемі аяқтарыңызды одан сайын нәзік етіп көрсетеді.
6. Қауырсын немесе аң терісінен жасалған ішік
Мұндай киімдер қаншалықты қымбат әрі әдемі көрінгенімен, әріптестердің ортасына киюге кеңес бермейміз. Қарапайымырақ стиль өзіңіз үшін ыңғайлы және қауіпсіз болмақ. Егер қатты қаласаңыз, қолсөмкеңізді немесе сырғаңыздіы әсемдеуге қауырсынды аз мөлшерде пайдалануға болады.
7. Аң түстес киімдер
Мамандардың пікірінше жыртқыш аң терісін жамылып алғандай киім әйелдер кейпін «арзан», әрі бірнеше жасқа ересек етіп етіп көрсетеді. Оның орнына нәзік гүлдері бар бейтарап түсті көйлектер аруларды анағұрлым сымбаттырақ етеді.
8. Жылтырақ бұйымдар
Күрделі құрылымы бар ассиметриялық юбка, әшекейленген кеудеше, ерекше аяқ киім, бірнеше сақиналар мен білезіктер, көлемді сырғалар- бұл бір адам үшін өте көп. Мұның барлығы сізді жаңа жылдық шыршаға ұқсатып жібереді. Зергерлік бұйымдарға қатысты бір нәрсені есте ұстаңыз — ұзын сырға мен үлкен ожерелье қатар тағылмайды.
9. Киімге үйлеспейтін етік
Кеш көйлектерімен қысқы етік онша үйлеспейді. Ал жеңіл туфли мен тобықтан келетін етік керісінше, киіміңізді аша түседі.
10. Пижама немесе спорттық үлгідегі киім
Бұл киім барлық адамға өте ыңғайлы саналады. Алайда оны мерекелік кешке киіп бару орынсыз. Оның орнын тұстастырылып тігілген бешпент-шалбармен (комбинезон) алмастырсаңыз ұтылмайсыз.
11. Тым ашық көйлек
Мұндай образды киюге қаншалықты құмар болсаңыз да, әріптестер арасында белгілі бір шектік болғаны абзал. Сондықтан «ашық көлегіңізді» достар арасына киюге сақтап қойыңыз.
12. Балаларға арналған аксессуар
Үлкен адамдардың арасына басыңызға «пластик тәж» тағып немесе сиқырлы таяқшаңызды ұстап келу ұят. Тек көйлегіңізге сәйкес келетін кішігірім ғана элемент қосуыңызға болады.
13. Жаздық көйлек
Жаңа жыл қыс мезгілінде болатындықтан, оған жаздық көйлекпен келу ыңғайсыз. Оған қоса колготки мен жабық аяқ киім киіп алсаңыз – әріптестер арасында ұятқа қалуыңыз әбден мүмкін. Ал «коктейль көлейктер» қай мезгілде болмасын қыздарды сымбатты етіп көрсетеді.
14. Ыңғайсыз киім
Жаңа жылдық образ тек әдемі ғана емес, міндетті түрде ыңғайлы да боолуы керек. Жоғарыда айтып өткеніміздей, жаңа жылдық кеште көп ойын мен би болады. Егер кеудесі түсе беретін көйлекпен барсаңыз, кейін бұл мерекені тек өкінішпен еске алатын боласыз. Сондықтан копоративке киімді алдын ала дайындап қйған жөн.
15. Ресми стиль
Әріптестер арасында ұйымдастырылған кешке күнделікті жұмыс киіммен барудан аулақ болыңыз. Жаңа жылда мерекелік көңіл-күймен жүру үшін киіміңіз де соған сай болуы керек.
Көктем-жаз 2019: сәнді принттер
Көктем-жаз 2019 мерзімінің сәнді принттері нәзік әрі романтикалық бола түсті. Трендтердің көпшілігі бұрынғы мерзімдерден келді, алайда жаңа трендтер де бар. Сән көрсетілімдерінде жағажай тақырыбы ерекше орын алды. Дизайнерлер өз топтамаларында теңіз көңіл күйін сыйлауға барынша тырысқан. Ендеше, көктем-жаз мерзімінде қандай принттер сәнде болатындығына тоқталайық.
Бұршақ
Киімде бұршақ аздық етпейді. Бұршақты белдемше, көйлек немесе шалбар кисеңіз де, нәзік әрі салтанатты көрінесіз. Бұршақтың барлық түрі сәнде болады: ірі, ұсақ, түрлі түсті, нюдті. Бірақ сұранысқа иесі – ақ-қара классикалық түрі болып қалады.
Гүл
Нәзік көктем-жаз топтамасы гүлге толы болды. Түймедақ, раушан және сарғалдақ трендті топтаманың маталарында гүлдей түсті. Бір қызығы, осы уақытқа дейін сәнде болған ұсақ гүлдер көрінбей, оның орнына ірі, көзге бірден түсетін гүлдер келді.
Біріктірілген принт
Бір киімде жануар тақырыбын, жолақ, тор, бұршақ және басқа да суреттерді біріктіру жаңа идея емес. Бірнеше мерзім бұрын біріктірілген тренд сән әлемін жаулап алды. Бір мерзімнен екінші мерзімге ауысу арқылы әрдайым өзгеріп отырды. Көктем-жаз 2019 топтамасында ол одан әрі ашық және ерекше бола түсті. Бұл мерзімдегі тренд бойынша бір киімде қаншалықты принт көп болса, ол соншалықты сәнді көрінеді.
Жыртқыш тақырыбы
Жылан, қолтырауын, қабылан және жолбарыс терісіне ұқсатылып жасалған киімдердің ұзақ уақыт трендте келе жатқаны бекер емес. Жыртқыш тақырыбы батыл және еркін амазонка әйелдерді еске түсіреді.
Градиент
Омбре бояу техникасын белсенді қолданатын тек шаштараздар емес. Қазір бір түстен басқа түске ауысатын маталар танымалдыққа ие. Бұрын ашық түстен қою түске біртіндеп ауысатын реңктер сәнде болатын. Ал қазір омбреге бірнеше түрлі түс қолданылуы мүмкін. Градиенттің түсі қанық және қарама-қарсы түстер болуы әбден мүмкін.
Жағажай тақырыбы
Жазды жағажайсыз, күнсіз елестету мүмкін емес. Дизайнерлер де жағажай тақырыбы туралы ұмытпады. Сумен, жағажай демалысымен байланысты кез келген принт сәнде болады.
Tie dye
Матаны оралған және байланған күйде бояу техникасы – 2019 жылғы көктемнің басты тренді. Матаны қалпына келтіргенде онда өзіндік өрнектер пайда болады. Мұндай суреттер 1980-жылдары белсенді қолданылған болатын. Байқағаныңыздай, соңғы кездері сол жылдардағы трендтер қайтадан оралуда. Сондықтан да Tie dye техникасы сәнді топтамалардан қайтадан орын алып жатыр.
Ұсақ жолақ
Биылғы сән көрсетілімдерінен әдеттегі ақ-қара жолақтар көріне қоймады. Оның орнына нәзік түсті жолақтар келді. Олар өте жіңішке болуы керек және негізгі ақ киім түсінен аса айырмашылығы болмауы тиіс.
Орамал принті
Көктем-жаз 2019 сәнінде орамал принті жаңа тұсынан көрінді. Бұрын орамалдардан көріп жүрген суреттердің барлығы енді киімдерге көшті. Орамал принті туралы жеке тоқталып кеттік.
Құстың суреті және геометрия
Сән көрсетілімдерінен ақ түсті көйлекке бейнеленген қанық түсті әдемі құстар да кездесті. Сонымен қатар геометриялық пішіндер мен сызықтар да сәнде болады. Олардың ретсіз орналасқаны жөн. Геометриялық сызықтар қатаң болса да, олармен безендірілген көйлек нәзік көрінеді.
Сән-2019: Той көйлегі
Той сәні әдетте консервативті келеді: ақ түс, еденге дейінгі ұзындық, салтанатты той көйлегі немесе «су перісі» стиліндегі көйлек. Жылдан-жылға той көйлегі аса өзгеріске ұшырамайды. Бірақ әр жаңа мерзімде дизайнерлер қандай да бір ерекшелік қосуға тырысады. Ендеше, 2019 жылғы сәнді той көйлегі қандай болмақ?
Фатаның орнына кейп кию
Кей дизайнерлер фатаны кейпке немесе жамылғыға ауыстыруды ұсынып отыр. Кейптің ұзындығы қандай болатындығы маңызды емес. Сән топтамаларынан оның иықты жауып тұратын қысқа түрлері де, еденге дейін түсіп тұратын ұзын түрлері де кездесті. Ол еш әшекейсіз болуы немесе өрнекпен (не жылтырмен) безендірілуі мүмкін.
Минимализм
Корольдік отбасының тойы сән тенденциясына әсер етпей қоймады. Меган Маркл минимализм стиліндегі той көйлегі де өте әдемі көрінді. Желбіршексіз, жылтырақсыз және өрнексіз көйлектің мінсіз пішіміне және өте сапалы матасына мән беріледі.
Шілтер
Шілтерлі той көйлегі – сәннен шықпайтын классиканың бірі. Сонымен қатар, шілтер әйелдің нәзіктігін одан әрі айқындай түседі. Шілтерлі той көйлегі қосымша безендіруді қажет етпейді. Ол той көйлегінің кез келген түріне (жинақыдан үлпілдек көйлекке дейін) жараса кетеді. 2019 жылы да дизайнерлердің сән топтамаларынан шілтерлі көйлектер кездесті.
Көлемді диадема
Көлемді диадемалар мен ободоктар сәнде болады. Мысалы, той көйлегіңіз минимализм стилінде болса, оны көлемді ободокпен ерекшелеуге болады. Биыл інжу таспен безендірілген әшекейлер қайтадан трендке айналғандықтан, диадеманың немесе ободоктың інжумен безендірілген түрін таңдауға болады.
Қалыңдықтарға сән тенденцияларына қарамастан өз қалауы мен талғамы бойынша жарасымды той көйлегін таңдауға кеңес береміз.
OLX
Была зафиксирована подозрительная активность с вашего IP-адреса.
Возможно, произошла ошибка, поэтому рекомендуем вам попроовать войти на сервис через 10 минут.
Если это всё ещё будет невозможно, пожалуйста, свяжитесь с нами по адресу:
В заявке обязательно укажите этот номер
OLX: 18.efba1002.1579920493.98b4c84bСіздің ІР-мекенжайыңыздан күдікті белсенділік байқалды.
Бəлкім, бір қате кеткен шығар, жүйеге 10 минуттан кейін қайта кіріп көруге кеңес береміз.
Егер бұл əрекет əлі де мүмкін болмаса, өтінеміз, мына мекенжай арқылы бізбен байланысыңыз:
Өтінімде міндетті түрде мына нөмірді көрсетіңіз
OLX: 18.efba1002.1579920493.98b4c84b